Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Жүктімін» деп сендірген: Ақмолада қалыңдық 1,5 млн теңгені алып, қашып кетті

    Ақмола облысында жігіт үйленемін деген қызына 1,5 млн теңгеден астам қалыңмал берген. Алайда «жүкті» келіншек ақшаны алып, ізін суытқан.

    «Жүктімін» деп сендірген: Ақмолада қалыңдық 1,5 млн теңгені алып, қашып кетті

    Ақмола облысында жігіт үйленбек болған сүйіктісіне 1,5 миллион теңгеден астам қаржы мен алтын бұйымдар сыйлаған, алайда «қалыңдық» ақшаны алған соң ізін суытқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    28 жастағы жәбірленушінің айтуынша, ол болашақ «жарымен» әлеуметтік желіде танысқан. Көп ұзамай екеуі Қосшы қаласында бірге тұра бастаған. Әйел өзінің жүкті екенін айтқан соң, олар үйленуге шешім қабылдайды.

    Жігіт қалыңдығын ата-анасымен таныстырған, бірақ әйел өз туыстарымен кездестіруге асықпаған. Ол өзін Шымкент қаласының тумасымын деп таныстырған. Күйеу жігіттің ата-анасы келініне 950 мың теңге қалыңмал беріп, қосымша 600 мың теңгеден асатын алтын бұйымдар сыйлаған.

    Алайда көп ұзамай «қалыңдық» ақша мен алтынды алып, ғайып болған. Кейін белгілі болғандай, ол бұрын тұрмыста болған, тіпті үш баласы бар болып шықты.

    Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →