Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Қарағандыдағы жанжал: Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

    Қарағандыдағы жанжал: Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды
    Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев және оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ресми ақпаратқа сәйкес, екі тұлға да өз еркімен қызметтен босатылған.

    — Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз қалауы бойынша атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — делінген әкімдік хабарламасында.

    Айта кетейік, бұған дейін 21 қаңтар күні Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жұмыс орнында жанжал шыққаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланып, қоғам назарын аударды.

    Ал 23 қаңтарда бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі әрі Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов оқиғада «ешкім ешкімді ұрмағанын» мәлімдеген болатын.

    Серік Сәпиев – бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, ал Дәурен Есімханов – самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →