Алматыда балалардың құқығын қорғау жөніндегі жаңа басқарма құрылады. Бұл шешімді қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда бекітті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, қазір бүкіл елде балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр.
«Жеке басқарма құру – алдын алу, жедел әрекет ету және ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, халқы тығыз орналасқан әрі әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған ірі қала үшін өте маңызды», — делінген хабарламада.
Депутаттар бұл шешімді Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасы бойынша және үкімет қаулысына енгізілген тиісті өзгерістерге байланысты қабылдағандарын жеткізді.
Фото: Әлеуметтік желіден
