Бір мерзім, бірақ шексіз билік пе? Скясаткер жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін айттв

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы пайда болғанын мәлімдеп, ондағы мемлекеттік билікке қатысты негізгі өзгерістерді атады. Жобада Президенттің өкілеттігін айтарлықтай кеңейту қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жаңа құжатқа сәйкес, Президент бір рет жеті жылдық мерзімге сайланады. Сонымен қатар, ол вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мен Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) мүшелерін Құрылтайдың келісімімен тағайындайды.

«Егер Құрылтай ұсынылған кандидатураларды екі рет қабылдамаса, Президент оны таратып жіберуге құқылы», — деп атап өтті Әшімбаев.

Бұдан бөлек, Президент бірқатар лауазымды тұлғаны Құрылтайдың келісімінсіз-ақ тағайындап, қызметінен босата алады. Олардың қатарында Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Ұлттық банк, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК), ОСК, ЖАП, Жоғары сот кеңесі, Мемлекеттік күзет қызметі басшылары және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бар. Қазіргі заң бойынша бұл лауазымдардың басым бөлігі Сенаттың келісімін талап етеді.

Саясаттанушының айтуынша, Президентке мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарды бекіту құқығы да берілмек (қазір бұл заңмен бекітіледі). Сондай-ақ, Құрылтай таратылған кезде конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтар шығара алады. Бұл – қазіргі таңда Сенаттың құзыреті.

Жобада Республика қызметінің негізгі қағидаттары да өзгереді. Қазіргі «қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарының орнына «Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау», «адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау», «жалпыұлттық бірлікті нығайту», «жауапты, жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету» сияқты жаңа қағидаттар ұсынылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика