Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Тоқаев: Ел тағдыры айқындалатын шешуші сәтте өмір сүріп жатырмыз

    Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде қазіргі кезеңді ел тағдыры мен ұлт болашағы айқындалатын маңызды сәт деп атады.

    Тоқаев: Ел тағдыры айқындалатын шешуші сәтте өмір сүріп жатырмыз
    file_322.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде қазіргі уақытты елдің болашағы үшін тарихи маңызды кезең деп атады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент былтырғы Жолдауында ұсынған саяси жаңғыру бастамаларына қоғамның кеңінен қолдау көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, жарты жылдан бері конституциялық реформаға қатысты қызу талқылаулар жүріп жатыр.

    «Партиялардан, депутаттар мен сарапшылардан, заңгерлер мен қоғам белсенділерінен мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Онда мемлекеттің институционалдық негіздерін өзгертуден бастап, Ата Заңның мәтінін редакциялауға дейін, өте көп мәселе қамтылды», — деді Мемлекет басшысы.

    Сонымен қатар, Тоқаев азаматтардың белсенділігін ескере отырып, Ұлттық құрылтайдың Қызылордадағы отырысында бірқатар жаңа бастаманы жұртшылық назарына ұсынғанын еске салды. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – бүкіл мемлекетті басқару жүйесін тиімді, орнықты әрі теңгерімді ету.

    «Барша әлем өзгеріп, заман бұлыңғыр болып тұрған қазіргі алмағайып кезеңде, бұл – өте маңызды мәселе», — деп түйіндеді сөзін Президент.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →