«Ұлттық қор – балаларға»: биылғы төлем мөлшері белгілі болды

Фото: gov.kz

ҚР Ұлттық банк төраға орынбасары Әлия Молдабекова қазақстандық балаларға «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша өткен жылдың төлемдері қашан түсетінін айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әр балаға 130 АҚШ долларынан есептелген (қазіргі бағам бойынша 65 мың теңгеден астам).

Әлия Молдабекованың айтуынша, биылғы жылы 1 ақпан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, қаражатты аудару 30 қаңтарға, жұма күніне жоспарланған. Алайда азаматтар ақшаны шоттарынан 31 қаңтар күні түстен кейін немесе 1 ақпан таңертең көреді.

«Сома белгілі – шамамен 130 доллар әр баланың шотына түседі», – деді Әлия Молдабекова.

Айта кетейік, алғашқы жылы балаларға шамамен 100 доллар, екінші жылы – 130 долларға жуық төленген.

Алдағы төлемді қоса есептегенде жалпы көлемі 360 доллардан (181 мың теңгеден астам) асады. Инвестициялық табысты ескергенде бұл көрсеткіш сәл көбеймек.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика