Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өткен жылы 20 миллион теңгеден сәл астам табыс тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бұл сома тек жалақы мен сыйақыдан құралған. Ол құжаттамада басқа ешқандай кіріс көзін көрсетпегенін атап өтті.
«Егер тек жалақының өзін алатын болсақ, айына шамамен 1 миллион 200 мың теңгені құрайды. Бізде сыйақы төлемдері де бар, оны да көрсеттім. Сонда жалпы жиыны 20 миллион теңгеден сәл асады», — деді Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Қазақстанның басқа да жоғары лауазымды шенеуніктері мен олардың жұбайлары өткен жылғы табыстары туралы декларацияларын жариялаған болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден
