Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Қазақстанда жасанды интеллект заңы күшіне енді: 865 мың теңге айыппұл

    Қазақстанда жасанды интеллект туралы жаңа заң қабылданды. Енді ЖИ контентін таңбаламағандарға 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

    Қазақстанда жасанды интеллект заңы күшіне енді: 865 мың теңге айыппұл
    file_300.jpg

    2026 жылдың 18 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енді. Енді нейрожелі көмегімен жасалған кез келген контентті таңбалау міндетті болады, бұл талапты орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жаңа заң бойынша, жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалған материалды таңбаламағаны үшін айыппұлдардың мөлшері (1 АЕК = 4 325 тг) бекітілді. Алғашқы ереже бұзушылық үшін жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 тг), ал ірі бизнеске 100 АЕК (432 500 тг) айыппұл қарастырылған.

    Егер заң талабы бір жыл ішінде қайта бұзылса, айыппұл көлемі екі есеге өседі. Мысалы, жеке тұлғалар 30 АЕК (129 750 тг), ал ірі бизнес өкілдері 200 АЕК (865 000 тг) төлеуге міндеттеледі. Ірі компаниялар үшін ЖИ жүйесінің жұмысын тоқтату шарасы да қолданылуы мүмкін.

    Маңызды жайт: контентті таңбалауға жауапкершілік оны таратқан қарапайым қолданушыға емес, ЖИ жүйесін жасап шығарған немесе оның иесі болып саналатын тұлғаға жүктеледі. Таңбалау анық әрі оқуға жеңіл болуы шарт. Мысалы, мәтінге «Материал ЖИ көмегімен жасалды» деген ескертпе қою, әлеуметтік желіде #AI_generated, #ЖИ_контенті хэштегтерін пайдалану, ал суретке арнайы белгі немесе сутаңба (водяной знак) қою керек.

    Заң авторлық құқық мәселесін де реттейді. Егер адамның шығармашылық үлесі болса, ЖИ жасаған контент авторлық құқықпен қорғалады. Сондай-ақ, нейрожеліні үйрету үшін автордың туындысын оның рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. Ол үшін құқық иесі өз сайтында немесе метадеректерде машина оқи алатын форматта тыйым белгісін қоюы тиіс.

    Сонымен қатар, адамның психикасына жасырын әсер ететін, оның әлсіз тұстарын (жасы, ауруы, кедейлігі) пайдаланып, манипуляция жасайтын, адамды нәсіліне, дініне немесе саяси көзқарасына бола кемсітетін және жеке деректер туралы заңнаманы бұзатын ЖИ жүйелеріне толық тыйым салынды.

    Фото: ЖИ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →