Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды •

    Қуат Хамитов: «Мен $2 млн әкелдім, ал футболшылар халықтың ақшасын тасиды»

    Танымал ММА шебері Қуат Хамитов отандық футболшыларды тағы да сынға алды. Ол өзінің елге ақша әкелетінін, ал футболшылардың халық ақшасын сыртқа тасып жатқанын айтты.

    Қуат Хамитов: «Мен $2 млн әкелдім, ал футболшылар халықтың ақшасын тасиды»
    file_268.jpg

    Белгілі ММА файтері Қуат Хамитов қазақстандық футболшыларға қатысты тағы да сын айтып, олардың табысы мен өзінің гонорарын салыстырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Спортшының айтуынша, ол кәсіби мансабында шетелдік ареналардан қомақты қаржы тауып, оны Қазақстанға әкелген. Ал футболшылар, керісінше, мемлекет бөлген халықтың қаражатын алып отыр деп санайды.

    «Мен 40 жекпе-жек өткізіп, басқа елдерден 2 миллион доллар «тонап», оны Қазақстанға әкелдім. Ал сіздер, футболшылар, ақшаны Қазақстаннан алып кетесіздер. Бұл – халықтың ақшасы. Айырмашылықты сезінесіздер ме?» – деді Хамитов.

    Файтердің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде үлкен талқылау тудырды. Бұған дейін де Қуат Хамитов отандық футболға бөлінетін бюджеттің тым көп екенін бірнеше рет айтып, ол қаржыны ауыл шаруашылығы немесе басқа әлеуметтік маңызды салаларға жұмсауды ұсынған болатын.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →