Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды •

    Оқу-ағарту министрлігі райынан қайтты: Мектеп пәндері біріктірілмейді

    Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі мектептерде физика, химия, биология сияқты іргелі пәндерді біріктіруден бас тартты. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл шешімнің себебін түсіндірді.

    Оқу-ағарту министрлігі райынан қайтты: Мектеп пәндері біріктірілмейді
    file_259.jpg

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептеріндегі бірнеше пәнді біріктіру реформасының тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін министрлік физика, химия және биологияны «жаратылыстану» деген бір пәнге, ал алгебра мен геометрияны «математика» пәніне біріктіру мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.

    «Бұған дейін коллегияда физика, химия, биологияны – «жаратылыстану» деп, алгебра мен геометрияны – «математика» деп біріктіру туралы шешім қабылданған еді. Бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдарды жеке-жеке оқыту керек деп санаймыз», — деді Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

    Министрдің айтуынша, бұл шешім мұғалімдер қауымымен жан-жақты талқылаудан кейін қабылданған. Яғни, педагогикалық ортаның пікірі ескерілген.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →