Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

    Қазақстан-Ресей шекарасында 100-ге тарта жүк көлігі жиналып қалған

    Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Бұған дейін желіде тараған видеодан жүзге жуық көліктің кептеліп тұрғанын көруге болады.

    ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 4 маусым күні сағат 12:30-дағы жағдай бойынша «Қайрақ» АӨП-да тауар экспорттаушы 60-80 жүк көлігі жиналып тұрғанын хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, ұзын-сонар кезектің түзілуі Ресейге қарай бағытталған бейтарап жолақтың толып қалуы, сондай-ақ басқа аймақтардағы өткізу пункттеріндегі жөндеу жұмыстары себеп болған.

    Өткізу пунктіндегі мемлекеттік кірістер органдары ҚР ҚМ МКК АЖ мәліметтерді енгізу арқылы тасымалданатын жүктерді мониторингтен өткізеді. Бұл әрекеттер 3-5 минутты алатыны хабарланды.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →