Қазақстаннан Токио мен Римге тікелей ұшуға болады: Жаңа рейстер тізімі

Қазақстандықтар үшін Токио, Рим және Вена сияқты қалаларға тікелей ұшу мүмкіндігі пайда болады. Жалпы, биыл елде 13 жаңа халықаралық әуе бағыты іске қосылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, шетелдік туристерді тарту мақсатында 15 халықаралық маршрут ашылады немесе қайта жаңғыртылады. Оның ішінде 13-і – мүлдем жаңа бағыттар. Олардың қатарында:

  • Вена;
  • Токио;
  • Рим;
  • Эр-Рияд;
  • Ларнака;
  • Амман;
  • Даммам;
  • Қашқар;
  • Дели;
  • Рига;
  • Бішкек (Шымкенттен);
  • Варшава;
  • Үрімжі (Шымкенттен) бар.

Сонымен қатар, Нұрлан Сауранбаев әуежайлардағы қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына да тоқталды.

«Біз сервисті жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Астана мен Алматы әуежайларындағы кезектерді азайту үшін Q-gate жүйесін енгіздік. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. 2026 жылы бұл жүйені тағы төрт әуежайға: Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Атырауға енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді министр.

Ведомство басшысы қазіргі уақытта ел ішінде 42 бағыт бойынша ұшақтар қатынайтынын, тағы тоғыз маршрутты қайта жаңғырту жоспарда тұрғанын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика