Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    Серік Сәпиев жанжалдың себебін айтты: «Заңсыз ротация жасауға тырысты»

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен болған кикілжіңнің себебін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жеке дау емес, заңсыз әрекетке қарсылық.

    Серік Сәпиев жанжалдың себебін айтты: «Заңсыз ротация жасауға тырысты»
    file_236.jpg

    Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдіріп, оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Еске салсақ, 21 қаңтарда боксшы мен оның орынбасары арасында кикілжің болып, көпшілік оның себебін білмей келген еді. Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жағдайға қатысты толық мән-жайды жазды. Оның айтуынша, даудың себебі жеке бас мәселесі емес, қызметтік келіспеушілікке байланысты болған.

    «Жағдайды анықтап айтқым келеді: бұл жеке басыма немесе тұрмысқа қатысты дау емес. Бұл – өңірде жасырын ықпалы бар белгілі бір тұлғалардың қарсылығы. Менің хабарымсыз облыстың спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ауыстыру (ротация) әрекеті жасалды. Мен мұны байқаған кезде, оның жолын бейбіт түрде кесуге тырыстым. Ашық айтамын: ешқандай арандатушылық Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды іске асыруға деген менің табандылығымды мұқалта алмайды. Баршаңызға рақмет», — деп жазды ол.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →