Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзін атып қайтыс болды: Тергеу басталды

    Өскемендегі әскери бөлімде қызмет атқару кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Әскери прокуратура тергеуді өз бақылауына алды.

    Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзін атып қайтыс болды: Тергеу басталды
    file_234.jpg

    Өскемен гарнизонында қарауыл қызметі кезінде мерзімді әскери қызметкер қарудан өзін атып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 23 қаңтарда, әскери қызметкер өз міндетін атқару кезінде болған. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, марқұм әскер қатарына өткен жылдың сәуір айында шақырылған.

    Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын әскери тергеу органдары анықтап жатыр.

    «Тергеу барысы әскери прокуратураның қатаң бақылауына алынды. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», — делінген министрлік хабарламасында.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →