Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    Қырғызстан Шымбұлаққа бәсекелес дайындап жатыр: Жаңа курорт желтоқсанда ашылады

    Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында Орталық Азиядағы ең ірі "Ала-Тоо Резорт" тау шаңғысы кешені салынып жатыр. Ол жылына 2 млн турист қабылдай алады.

    Қырғызстан Шымбұлаққа бәсекелес дайындап жатыр: Жаңа курорт желтоқсанда ашылады
    file_228.jpg

    Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курортының құрылысы басталды. «Ала-Тоо Резорт» деп аталатын жаңа кешен жылына 2 миллионға дейін турист қабылдауға қауқарлы болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жоба Ақсу ауданында іске асырылып жатыр. Табиғи және жасанды қардың арқасында курорт жеті айға дейін үздіксіз жұмыс істейді деп жоспарланған. Бұл Орталық Азиядағы тау туризмі үшін маңызды жаңалық болып отыр.

    Бірінші кезеңде құрылыс жұмыстары Жырғалаң, Боз-Ұшық және Ақ-Бұлақ аудандарын қамтиды. Осы жылдың желтоқсан айында алғашқы тау шаңғысы базасы мен алты аспалы жолды іске қосу көзделген.

    Жоба авторлары мұны Қырғызстандағы халықаралық деңгейдегі алғашқы жыл бойы жұмыс істейтін кешен деп атап отыр. Ол аймақтағы туристік ағынды еселеп арттыруы мүмкін.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →