Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Егер Қазақстан Президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетсе, оның өкілеттіктері алдымен вице-президентке беріледі

    Қазақстанда конституциялық реформа аясында вице-президент лауазымын енгізу ұсынылды. Президент орнын босатса, билік осы тұлғаға өтеді.

    Егер Қазақстан Президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетсе, оның өкілеттіктері алдымен вице-президентке беріледі
    file_226.jpg

    Қазақстанда конституциялық реформа аясында негізгі заңға жаңа түзету ұсынылып жатыр, оған сәйкес президент қызметінен мерзімінен бұрын кетсе, оның өкілеттігі вице-президентке өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Айта кетейік, қазіргі Конституцияның 48-бабына сәйкес, Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кеткен, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат Төрағасына көшеді. Ұсынылып отырған жаңа түзету осы тәртіпті өзгертеді.

    Түзету жобасына сәйкес, жаңадан енгізілетін вице-президент лауазымының иесі Қазақстан Республикасының мүддесін халықаралық қатынастарда қорғап, Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді.

    Сонымен қатар оның міндеттеріне Қазақстанның және шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен байланыс орнату кіреді. Түзетуде вице-президенттің президент айқындайтын «өзге де өкілеттіктерді» атқаратыны да көрсетілген.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →