Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    Рудныйдағы кісі өлімі: 19 жастағы жігітті өлтіргендер жасөспірім болып шықты

    Рудный қаласында 19 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен іздеуде болған екі жасөспірім ұсталды. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

    Рудныйдағы кісі өлімі: 19 жастағы жігітті өлтіргендер жасөспірім болып шықты
    file_225.jpg

    Қостанай облысының полициясы Рудный қаласында болған кісі өліміне қатысты іздеуде жүрген екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    23 қаңтар күні қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен 19 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылған болатын. Марқұмның денесінде көптеген пышақ жарақаты болған.

    Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған екі адамға іздеу жарияланған еді. Қостанай облыстық Полиция департаменті жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдіктінің де қолға түскенін растады.

    «Жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті де анықталып, ұсталды. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты. Қазіргі уақытта қамауға алынды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →