Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    Павлодарда бензовоз лап етті: Жанармай құйып жатқан қызметкерді күйік шалды

    Павлодар облысының Жаңаауыл ауылында жанармай құю кезінде бензин тасымалдайтын көлік өртенді. Оқиға салдарынан 56 жастағы қызметкер зардап шекті.

    Павлодарда бензовоз лап етті: Жанармай құйып жатқан қызметкерді күйік шалды
    file_224.jpg

    Павлодар облысының Жаңаауыл ауылында жанармай құю кезінде бензин таситын көлік отқа оранып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Төтенше жағдай цистернаға бензин құйып жатқан сәтте болған. Оқиға орнына шұғыл жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жалынды тез ауыздықтап, оның жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермеген.

    Дегенмен, оқиға салдарынан кәсіпорынның 56 жастағы қызметкері күйік алып, дәрігерлерге тапсырылды. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

    ТЖМ жанар-жағармаймен жұмыс істегенде кез келген ұшқын немесе ақау қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертіп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →