Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Трамптың күйеубаласы қатысты: Абу-Дабидегі келіссөз соғысты тоқтатуы мүмкін бе?

    Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ арасындағы соғысты тоқтату туралы келіссөздердің бірінші күні өтті. Оған Трамптың күйеубаласы қатысты.

    Трамптың күйеубаласы қатысты: Абу-Дабидегі келіссөз соғысты тоқтатуы мүмкін бе?

    Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Reuters агенттігінің дереккөздері мен Украина делегациясының өкілдері мәлімдеді.

    Украина делегациясының басшысы Рүстем Өмеров Telegram-арнасында кездесудің мән-жайын түсіндірді.

    «Кездесу Ресей соғысын аяқтау шарттары мен лайықты әрі ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізу мақсатындағы келіссөздер процесінің алдағы логикасына арналды», — деп жазды ол.

    Сондай-ақ Өмеров америкалық тараптан келіссөздерге АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф, АҚШ президентінің күйеубаласы Джаред Кушнер, Трамп құрып жатқан «Бейбітшілік кеңесінің» аға кеңесшісі Джош Грюнбаум, АҚШ армиясының министрі Дэн Дрисколл және НАТО-ның Еуропадағы күштерінің қолбасшысы Алексус Гринкевич қатысқанын растады.

    Екі күнге жоспарланған келіссөздер сенбі күні жалғасады деп күтілуде.

    Фото: ВВС

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →