Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    «Ешкім ешкімді ұрған жоқ»: Серік Сәпиевке қатысты даудың мән-жайы айтылды

    Белгілі спорт функционері Айдар Махметов Серік Сәпиевтің орынбасарымен төбелесті деген ақпаратты жоққа шығарды. Ол жанжалдың себебін айтты.

    «Ешкім ешкімді ұрған жоқ»: Серік Сәпиевке қатысты даудың мән-жайы айтылды
    file_213.jpg

    Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі Айдар Махметов боксшы Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалға қатысты пікір білдіріп, төбелес болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Астана қалалық дзюдо федерациясының басшысы Айдар Махметов бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, ол Серік Сәпиевтің өзімен тікелей сөйлескен.

    «Мен жаңа ғана Серікпен сөйлестім. Орынбасары Есімхановпен арадағы келіспеушілік тек жұмыс бабында, қажетті құжаттарды беруден бас тарту себебінен туындаған. Бір нәрсені атап өткім келеді: қандай да бір төбелес болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен осындай қауесет таратпауды сұраймын. Қазіргі уақытта жағдай толық реттелді, тараптар ортақ түсінікке келіп, жанжал шешілді», — деп жазды Махметов.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →