Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    Депутат: Паспорттың қажеті жоқ, әлеуметтік желі баланың жасын өзі анықтайды

    Мәжіліс депутаты әлеуметтік желілердің бала жасын төлқұжатсыз, оның көрген контенті арқылы анықтай алатынын мәлімдеді. Бұл жаңа шектеулерге жол ашуы мүмкін.

    Депутат: Паспорттың қажеті жоқ, әлеуметтік желі баланың жасын өзі анықтайды
    file_211.jpg

    Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне шектеу қою мәселесі талқыланып жатқанда, Мәжіліс депутаты жасты растаудың күтпеген әдісін ұсынды. Оның айтуынша, ірі платформалар қолданушының жасын оның қандай контент көретініне талдау жасау арқылы оңай анықтай алады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мәжілісмен Екатерина Смышляеваның сөзінше, туған күнді көрсету немесе тіпті төлқұжат деректерін енгізу сияқты дәстүрлі әдістер толық кепілдік бермейді. Себебі балалар мұндай шектеулерді ата-анасының аккаунты арқылы немесе жалған мәлімет беру арқылы оңай айналып өтеді.

    «Ірі платформалар қазірдің өзінде аккаунттың іс-әрекетін талдап, оның балаға немесе ересек адамға тиесілі екенін бірнеше күнде-ақ ажырата алатын алгоритмдерді қолданып отыр», — деп түсіндірді депутат.

    Сонымен қатар депутаттар бұл жерде әлеуметтік желіге толық тыйым салу туралы сөз болып отырмағанын атап өтті. Басты мақсат – кәмелетке толмағандарды зиянды контенттен қорғау үшін кезең-кезеңімен арнайы тосқауылдар қою.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →