Қазақстанға Атлант циклоны келеді: Боран соғып, кей өңірде 35 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы демалыс күндеріне, яғни 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағындағы ауа райы Атлант мұхитынан жылжып келе жатқан циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады және жел күшейеді. Ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Циклонның ықпалымен ел аумағының басым бөлігіне жылы ауа массалары тарай бастайды. Осыған байланысты түнде орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы -5…-18°C дейін, оңтүстік-шығыста -2…-7°C дейін, ал таулы аудандарда -7…-15°C дейін көтеріледі.

Алайда солтүстік облыстарда аяз сақталады – түнде термометр бағаны -20…-35°C көрсетеді. Сонымен қатар Арктикадан келетін антициклонның әсерінен еліміздің батысында температура -15…-30°C дейін, ал солтүстік-батыста -20…-35°C дейін төмендейді.

Фото: pexels.com

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика