Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Отбасы банк салымшылары 157 мың теңге сыйақы алады: Төлем қашан жасалады?

    "Отбасы банк" 2025 жылғы мемлекеттік сыйақыны төлеу мерзімін жариялады. Салымшылар 157 280 теңгеге дейінгі бонусты 2026 жылдың 1 наурызына дейін алады.

    Отбасы банк салымшылары 157 мың теңге сыйақы алады: Төлем қашан жасалады?
    file_208.jpg

    «Отбасы банк» салымшыларына 2025 жыл үшін төленетін мемлекеттік сыйақы 2026 жылдың 1 наурызына дейін аударылады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Банк өкілдерінің айтуынша, сыйақыны есептеудің нақты күні әлі белгіленбеген, бірақ төлемдер ақпан айында жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

    2025 жылғы сыйақының ең жоғары мөлшері – 157 280 теңге. Бұл соманы алу үшін депозитті кемінде 200 АЕК (786 400 теңге) мөлшерінде толықтыру қажет болған. Ал 2026 жылы бұл бонус 173 000 теңгеге дейін өседі. Ол үшін шотты кемі 865 000 теңгеге толтыру шарты қойылған.

    «Мемлекеттік сыйақы бір салымшының тек бір депозитіне ғана жылына бір рет есептеледі. Сондай-ақ ол бұрын сыйақы төленген сомаға қайта аударылмайды», — деп нақтылады банктегілер.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →