Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • Брюс Будро Овечкинді Хоккей даңқы залына үш үміткердің бірі деп атады • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды •

    «Алты күн комада жатты»: Алтынай Жорабаева қайғылы хабарын естіртті

    «Алты күн комада жатты»: Алтынай Жорабаева қайғылы хабарын естіртті

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасына түскен ауыр қайғыны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әншінің айтуынша, оның қайнысы Әли Тұралыұлы 2026 жылдың 14 қаңтарында жол-көлік апатына ұшырап, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ол алты күн бойы комада жатқаннан кейін 20 қаңтарда өмірден өткен. Марқұм апатқа ұшыраған кезде 41 жасқа толуына небәрі төрт күн қалды.

    «Қайным, Әли Тұралыұлы, 41 жасына толуына 4 күн қалғанда жол апатына ұшырап, 6 күн комада болып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың… Жаның жәннатта болсын», – деп жазды Алтынай Жорабаева.

    Жазбада марқұмның әкесінің де ерте өмірден өткенін аңғаруға болады. Бұл қайғылы хабар әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін ауыртып, көпшілік өнер иесіне және отбасысына қайғыра көңіл айтып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →