Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Ақорда: Қазақстан Трамптың кеңесіне 1 млрд доллар төлемей-ақ кірді

    Ақорда Қазақстанның Дональд Трамп құрған Бейбітшілік кеңесіне мүше болғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, ел бұл үшін 1 млрд доллар жарна төлемеген.

    Ақорда: Қазақстан Трамптың кеңесіне 1 млрд доллар төлемей-ақ кірді
    file_204.jpg

    Ақорда Қазақстанның АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылай жарна төлемей-ақ мүше болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент әкімшілігінің хабарлауынша, Бейбітшілік кеңесіне мүше болу үшін тек мемлекеттің егеменді шешімі жеткілікті. Кеңеске кірген сәттен бастап елдің мүшелік мерзімі үш жылды құрайды.

    «Жарғыда көрсетілген 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке қабылдаудың шарты емес. Бұл – әрбір қатысушының өз құқығы», – деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ, егер мемлекет алғашқы жыл ішінде 1 миллиард доллар жарна аударса, онда Кеңестегі мүшелік мерзімін белгіленген үш жылдан асырып ұзарту мүмкіндігіне ие болатыны түсіндірілді.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →