Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Енді Airbus ұшақтарын Қытайда жасалған роботтар құрастырады

    Енді Airbus ұшақтарын Қытайда жасалған роботтар құрастырады

    Фото: samaa.tv

    2026 жылы өндірістік қуаты жылына 10 мыңнан астам өнеркәсіптік гуманоид робот шығаруға жетуі тиіс. Қытайдың робототехника саласындағы жетекші әзірлеушілерінің бірі UBTECH еуропалық аэроғарыш концерні Airbus-пен өнеркәсіптік роботтарды жеткізу туралы келісім жасасты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әріптестік аясында Airbus ұшақтарды құрастырудың өндірістік циклдерінде қолдану мүмкіндіктерін зерделеу үшін Walker S2 моделін сатып алды. 2025 жылғы қарашада жаппай өндірісі басталған бұл модельдің бойы 176 сантиметрді құрайды және қуат көздерін өздігінен ауыстыру функциясымен жабдықталған.

    UBTECH компаниясының мәліметінше, 2026 жылы өндірістік қуаты жылына 10 мыңнан астам өнеркәсіптік гуманоид робот шығаруға жетуі тиіс.

    Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның осындай технологиялық шешімдерге қатысты тапсырыстар портфелі шамамен 200 миллион АҚШ долларын құраған.

    2025 жылы UBTECH америкалық жартылай өткізгіштер өндірушісі Texas Instruments компаниясымен стратегиялық әріптестік орнатты. Airbus-пен ынтымақтастық қытайлық әзірлеушіге шетелдегі қатысу аясын бес негізгі индустриялық сегментке дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Олардың қатарында авиация өнеркәсібі, автокөлік өндірісі, микроэлектроника, тұрмыстық техника және интеллектуалды логистика бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →