Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Банк картасы қауіпті болды: Алматыда алаяқтар енді үйге курьер жібереді

    Алматыда алаяқтар жаңа тәсілге көшті. Банктердің қауіпсіздік жүйесінен соң олар енді ақшаны картаға аудартпай, қолма-қол алу үшін курьер жібереді.

    Банк картасы қауіпті болды: Алматыда алаяқтар енді үйге курьер жібереді
    file_192.jpg

    Алматыда интернет-алаяқтар жұмыс істеу схемасын өзгертті: енді олар ақшаны банк картасына аудартудың орнына, оны қолма-қол алдыру үшін «курьер» кейпіндегі сыбайластарын жіберетін болған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алматы қалалық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаевтың айтуынша, алаяқтардың бұл жаңа әдіске көшуіне банктердегі алаяқтыққа қарсы жүйелердің күшеюі себеп болған. Бөтен адамдардың атына ашылған карталарды («дроп-карта») пайдалану тиімсіз бола бастаған соң, олар осындай қадамға барып отыр.

    «Алаяқтар бұрынғыдай ақшаны бөтен біреудің картасына аударудан бас тартып, қолма-қол ақша алу үшін сыбайластарын курьер ретінде жұмсайды. Бұл – қауіпсіздік жүйелерін айналып өтуге бағытталған әрекет», — деп түсіндірді Қойшыбаев.

    Қазіргі таңда осы схема бойынша жұмыс істеген 20 мен 35 жас аралығындағы төрт күдікті ұсталды. Тергеу олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    Жыл басынан бері Алматыда 2500-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген шығын көлемі 2,5 млрд теңгеге жеткен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында оның 700 млн теңгесі зардап шеккендерге қайтарылды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →