Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды •

    Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін полицейлерге іс қозғалды

    Шымкенттегі Нұрайдың өлімі: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін полицейлерге іс қозғалды
    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қызметтік салғырттық танытқан бірқатар полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

    Еске салсақ, 20 қаңтарда Мемлекет басшысы жергілікті полиция бөлімінің әрекеттерін тексеруді тапсырған еді. Себебі құқық қорғау органдары қыздың өзіне қауіп төніп тұрғаны жөніндегі бірнеше мәрте жасаған өтініштеріне дер кезінде әрі тиісті жауап қатпаған. Соның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

    Сондай-ақ Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы мен бірінші орынбасары қызметінен босатылды

    Президенттің тапсырмасынан кейін сол күні-ақ жергілікті полицияның басшысы мен оның орынбасары қызметтерінен босатылды. Ал 22 ақпанда министр орынбасары Санжар Әділов немқұрайлыққа жол берген қатардағы полицейлерге қатысты қылмыстық істер тіркелгенін мәлімдеді.

    Айта кету керек, аталған оқиғаға Президент назар аударған соң ғана мемлекеттік органдар тергеу жұмыстарын белсенді түрде қолға алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →