Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Ресей көліктері Қазақстанда қымбаттайды: Утиль алымы екі есеге өсуі мүмкін

    ҚР Индустрия министрлігі Ресей мен Беларусьтен әкелінетін көліктерге утиль алымын екі есеге көтеруді ұсынды. Бұл нарықтағы бағаға әсер етуі мүмкін.

    Ресей көліктері Қазақстанда қымбаттайды: Утиль алымы екі есеге өсуі мүмкін
    file_182.jpg

    Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігі Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған утилизациялық алымды көтеру туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Жарияланған құжатқа сәйкес, аталған елдерден импортталатын көліктерге қатысты 2-ге тең арттыру коэффициентін қолдану ұсынылып отыр. Бұл іс жүзінде алым мөлшерін Ресейде 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енетін ставкалармен теңестіреді.

    Бұл ретте, Қазақстанда құрастырылған көліктер мен ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден, сондай-ақ Армения мен Қырғызстаннан жеткізілетін техникаға қатысты бұрынғы шарттар сақталады.

    «Бұл өзгеріс нарық қатысушылары үшін жағдайды теңестіруге бағытталған. Ол ЕАЭО аясындағы өзара саудадағы төлемдердегі теңгерімсіздікті жойып, бағалық арбитражды болдырмайды», — деп түсіндірді ведомство.

    Министрліктің пікірінше, бұл қадам импорт және утилизациялық алым саласында болжамды саясатты сақтауға мүмкіндік береді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →