Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды •

    Қазақстанда медициналық ваучер енгізіледі: Онымен қандай қызмет алуға болады?

    Қазақстанда медициналық қызметтерді алу үшін электронды ваучер енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі онымен қандай көмек алуға болатынын түсіндірді.

    Қазақстанда медициналық ваучер енгізіледі: Онымен қандай қызмет алуға болады?
    file_180.jpg

    Қазақстандықтарға медициналық қызметтерді алу үшін электронды ваучерлер беру жоспарланып отыр. Үкіметтің бұл бастамасын Денсаулық сақтау министрлігі қолға алып, қазір жаңа тетікті енгізуді жоспарлау сатысында, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл ваучер – дәрігердің жолдамасының электронды баламасы. Яғни, азаматтар оны пайдаланып, бірқатар медициналық көмек түрін ала алады.

    Ведомствоның баспасөз қызметі бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді:

    «Ваучер диагностикалық процедуралар, зертханалық талдаулар, массаж, физиотерапиялық емдеу және көмектің басқа да түрлерін алуға арналған жолдаманың электронды баламасы ретінде қарастырылуда. Ваучер арқылы медициналық қызметтерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында (емханаларда) да, басқа да аккредиттелген медициналық мекемелерде де алуға болады деп жоспарлануда», — деп жауап берді министрлік өкілдері.

    Министрлік бұл жаңашылдық медициналық қызметтерді есепке алу мен бақылаудың ашықтығын арттырып, пациенттің қайда барғанын және оған нақты көмек көрсетілгенін қадағалауды жеңілдетеді деп санайды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →