Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Үкімет жаңа шешім қабылдауы мүмкін: Балалардың әлеуметтік желісі шектеледі

    Олжас Бектенов министрлерге қатаң талап қойды. Үкімет балалардың әлеуметтік желісін шектеп, экономикаға 8 трлн теңге бөлуді жоспарлап отыр.

    Үкімет жаңа шешім қабылдауы мүмкін: Балалардың әлеуметтік желісі шектеледі
    file_178.jpg

    Президенттің Ұлттық құрылтайдағы сөзінен кейін премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелері мен әкімдерге бірқатар нақты тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Үкімет отырысында Бектенов енді шенеуніктерден құрғақ есеп емес, халықтың өміріне нақты өзгеріс әкелетін батыл әрі тиімді шешімдер талап етілетінін қадап айтты.

    «Әрбір министр мен әкімнен батыл, стандарттан тыс және инновациялық шешімдер күтіледі. Ең бастысы – нәтиже. Бізге «аты үшін» жасалған баяндаманың қажеті жоқ», — деп атап өтті премьер-министр.

    Сонымен қатар жиында балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі көтерілді. Бұл бастама жас ұрпақтың психикалық денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында қарастырылып жатыр.

    Вице-премьер Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын қолдауға 8 триллион теңге бағытталатынын және инфляцияны тежеу шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.

    Үкімет Салық кодексін «өзгермейтін қағидалар жинағы» ретінде қарастырмайтынын, азаматтардан түскен барлық ұсынысты жинап, талдайтынын жеткізді. Бұдан бөлек, мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі реттеліп, ту мен елтаңбаға ерекше құрмет көрсеткен азаматтарды ынталандыру тетіктері енгізілмек.

    Сондай-ақ, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий жариялау жоспарлануда. Енді мемлекеттік қаржы өңірде сұраныс жоғары мектептерге ғана бөлінетін болады. Денсаулық сақтау саласында да бірыңғай цифрлық бақылау жүйесі енгізіледі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →