Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абай туралы жылы сөз айтты • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады •

    Аида Балаева жаңа тыйым ұсынды: Енді балалар әлеуметтік желіге кіре алмайды

    Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы министр Аида Балаева мәлімдеді.

    Аида Балаева жаңа тыйым ұсынды: Енді балалар әлеуметтік желіге кіре алмайды
    file_176.jpg

    Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бастаманы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Министрдің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін арнайы заң жобаларын әзірлеген.

    «Құжаттарда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу және 16 жасқа толмағандардың аккаунт ашуына тікелей тыйым салу қарастырылған», — деді Аида Балаева.

    Ведомство басшысы бұл заң жобаларының сараптамадан өтіп, қазір қоғам талқылауына шығарылғанын жеткізді.

    Бастаманы іске асыру үшін билік пайдаланушылардың жасын тексеретін тетіктерді әзірлеп, талапты бұзғандарға қатысты жауапкершілік шараларын да анықтамақ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →