Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды • Попкорн кинотеатрлардың басты табыс көзіне қалай айналды • Келбеті керемет: Алматының Әуезов ауданы тұрғындарына жайлы жаңдай жасалды • «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ ісі: Тоқаев 13 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді • Қазақстандық жұлдыздар ата-анасына қымбат көлік сыйлауды дәстүрге айналдырды • Арман Қырықбаев Франция елшісімен мәдени ынтымақтастықты талқылады • Маңғыстауда ерлі-зайыпты түрмеге тоғытылды •

    Макрон Давоста сөз сөйледі: «Еуропа АҚШ-тың вассалына айналуы мүмкін»

    Давостағы экономикалық форумда Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ-ты сынап, Еуропаның "вассалға" айналу қаупі барын мәлімдеді.

    Макрон Давоста сөз сөйледі: «Еуропа АҚШ-тың вассалына айналуы мүмкін»
    file_174.jpg

    Швейцарияның Давос қаласында 56-шы Дүниежүзілік экономикалық форум басталды. Биылғы жиын геосаяси шиеленістер мен сауда соғыстары аясында өтіп жатыр, ал Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ-ты қатаң сынап үлгерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Форум «Диалог рухы» ұранымен 23 қаңтарға дейін жалғасады. Оған 130 елден үш мыңға жуық адам, соның ішінде 65 мемлекет пен үкімет басшылары, министрлер, ірі банктер мен жаһандық бизнес өкілдері қатысуда.

    Шараға АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі келеді. Сарапшылар оның бұл сапарын саяси және экономикалық күш көрсету деп бағалайды. Күтілгендей, америкалық көшбасшы әлемдік тәртіптің жаңа үлгісін және ондағы АҚШ-тың рөлін алға тартпақ.

    Bloomberg дерегінше, 22 қаңтарда Трамп халықаралық жанжалдарды реттеумен айналысатын және БҰҰ-ға балама ретінде қарастырылатын «Бейбітшілік кеңесі» жарғысына қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл жобаға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Түркия, Канада, Өзбекстан, Жапония, БАӘ сияқты 60-қа жуық ел шақырылған.

    Форумда сөз алған Франция президенті Эмманюэль Макрон мінбеге қара көзілдірікпен шығып, сөзінің соңына дейін шешпеді. Ол АҚШ-тың сауда стратегиясын өткір сынға алды.

    «Еуропа АҚШ-тың «вассалына» айналу қаупі алдында тұр. Әлем «ережесіз» жағдайға бет бұрды, онда қақтығыстар қалыпты жағдайға айналып барады», — деді Макрон.

    Оның айтуынша, 2024 жылы әлемде 60-тан астам соғыс тіркеліп, бұл абсолютті рекорд болған. Франция басшысы АҚШ-тың сауда келісімдері мен тариф саясатын Еуропаның егемендігіне қысым жасау құралы ретінде пайдаланып отырғанын атап өтті. Ол Еуроодақты өз нарықтары мен компанияларын белсендірек қорғауға шақырды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →