Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Нұрайдың ісі: Қызды қорғай алмаған Шымкент полициясының басшылары жұмыстан кетті

    Шымкентте Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін үлкен дау шықты. ІІМ тергеуінен соң полиция департаментінің басшысы мен орынбасары жұмыстан қуылды.

    Нұрайдың ісі: Қызды қорғай алмаған Шымкент полициясының басшылары жұмыстан кетті
    file_167.jpg

    Шымкентте қаңтар айында қатыгездікпен өлтірілген Нұрай Серікбайдың ісіне байланысты қалалық полиция департаментінің басшысы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл шешім ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Еске салсақ, 11 қаңтарда Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Бұған дейін күдіктінің марқұм қызды үнемі қорқытып, артынан аңдығаны белгілі болды. Қыздың ата-анасы полицияға бірнеше рет шағымданғанымен, құзырлы органдар қылмыстық іс қозғамаған.

    Қайғылы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі шұғыл қызметтік тексеріс бастаған еді.

    ІІМ мәліметінше, құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені және өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін бірнеше полиция қызметкері де жұмыстан шығарылды.

    «Қазіргі уақытта Өзіндік қауіпсіздік департаменті марқұмның туыстарының арыз-шағымдарын тиісінше қарамау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →