Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Жамбыл облысында «Сергек» камерасына мылтықпен оқ атылған

    Жамбыл облысында «Сергек» камерасына мылтықпен оқ атылған
    Фото: Pixabay

    Жамбыл облысында жол бойындағы «Сергек» камерасына әдейі оқ атқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сот мәліметіне сәйкес, оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ автожолында болған. Айыпталушы пневматикалық мылтықпен бейнебақылау камерасына оқ атып, құрылғыны қасақана зақымдаған.

    Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтегенін айтты. Алайда жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін жеткізді.

    Нәтижесінде сот азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 196 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →