Доллардың дүйсенбідегі бағасы белгілі болды

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 509,63 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,44 теңгеге төмен. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

Қазақстан Ұлттық банкі 19 қаңтарға арналған ресми доллар бағамын 512,16 теңге деңгейінде бекітті.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 509,6 теңгеден сатып алынып, 511,59 теңгеден сатылып жатыр.

Астана қаласында доллардың сатып алу бағамы орташа есеппен 508 теңге болса, сату бағамы 515 теңгені құрайды.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында америкалық валютаны 509,48 теңгеден сатып алып, 511,55 теңгеден сатуда.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика