Жаркентте өз баласын жылыту батареясына байлап қойып, аяусыз соққыға жыққан 28 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл сұмдық оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды. Видеода әйелдің баласын ұрып жатқаны, ал жанында басқа да балалардың болғаны көрінеді.
Жетісу облысының полиция департаменті әйелдің кім екенін дереу анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Бала тергеу амалдары үшін полицияға жеткізілсе, анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға кезінде үйде болған тағы екі кәмелетке толмаған бала уақытша Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Енді қорғаншылық органдары әйелді ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы өтініш жолдайды. Тергеу жалғасып жатыр.
