Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Қазақстанда кімдер 3,4 млн теңге айлық талап етеді: Министрлік жаңа дерек жариялады

    Еңбек министрлігінің дерегінше, еліміздегі жұмыс берушілер 1,8 млн теңгеге дейін ұсынса, агрономдар мен стюардессалар 3,4 млн-ға дейін сұраған.

    Қазақстанда кімдер 3,4 млн теңге айлық талап етеді: Министрлік жаңа дерек жариялады
    file_114.jpg

    Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс берушілердің ұсынысы мен жұмыс іздеушілердің талабы арасында үлкен алшақтық байқалды: компаниялар 1,8 млн теңгеге дейін айлық ұсынса, азаматтар 3,4 млн теңгеге дейін жалақы күткен, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, желтоқсан айында электрондық еңбек биржасында 109,6 мың бос жұмыс орны жарияланған. Ал түйіндеме саны небәрі 71,5 мыңды құрап, нарықта 38 мыңға жуық маман тапшылығы сезілген.

    Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны өндіріс басшыларына (шамамен 1,8 млн теңге), кеніш директорлары мен инженер-химиктерге (1 млн теңге шамасында) ұсынған.

    Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары айлықты агроном-энтомологтар (3,4 млн теңге), стюардессалар (3,3 млн теңге) және компьютерлік жабдықтарды монтаждаушылар (2,7 млн теңге) талап еткен. Бұл жұмыс берушілердің ұсынысынан екі есеге жуық көп.

    Бос жұмыс орындарының басым бөлігі, яғни 60%-ға жуығы білім беру, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі болды. Түйіндемелерін ең жиі жариялағандар – есепшілер, медбикелер және заңгерлер. Үміткерлердің негізгі бөлігін 35 жасқа дейінгі жастар құрады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →