Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Таныстарын заңсыз жұмысқа алған»-«ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталды

    «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланды күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Маңғыстау облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хабарлауынша, Б.Мамбетсапаев лауазымын  пайдаланып, өзінің бірқатар таныс адамдарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз жұмысқа кіргізген.

    Ал компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекте тұр.

    Б. Мамбетсапаев мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтірген.

    Қазіргі уақытта компанияның үстінен бюджеттік қаражатты  жымқыру фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →