«Тергеу аяқталды»: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілмек
Даңқты спортшы, ҚР Паралмент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс-құжаттары танысу сатысына өткен. Ол жуырда сотқа жіберілмек, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жәбірленуші, зардап шегуші заңгерлер отбасы. Жағдайларды өзінің facebook әлеуметтік желісіне жазған Анна Чернова-Димитриевич осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Чернова бүкіл Қазақстан халқына және ақпаратты ашық жариялаған журналистерге, әскери…
