«Рейстер кешігіп жатыр»: Антальяда әуежай жұмысшылары ереуілге шықты
Анталья әуежайында жұмысшылардың ереуіліне байланысты халықаралық және ішкі рейстер кешіккен. Кейбір ұшақтар бір тәуліктен астам уақыт бойы ұшуға рұқсат күтуде. Түркияның курорттық аймағының туризм саласы жағажай маусымының қызған шағында әуе диспетчерлерінің ереуіліне байланысты дағдарысқа ұшырады. Анталья әуежайындағы наразы қызметкерлер жұмыстан бас тартып немесе жұмыс белсенділігін әдейі азайтып отыр. Осы жағдайдан соң рейстер жоспардан тыс кешіккен…
