Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды Иран Ормуз бұғазындағы транзит шектеулерін АҚШ көзқарасын өзгертпейінше жеңілдетпейді Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде Астанада түнгі салют атқан екі азамат бес тәулікке қамалды Иран Ормуз бұғазындағы транзит шектеулерін АҚШ көзқарасын өзгертпейінше жеңілдетпейді

    Видеоға жазылады: Енді банкоматтан қолма-қол ақша алғандарға бақылау күшейеді

    Видеоға жазылады: Енді банкоматтан қолма-қол ақша алғандарға бақылау күшейеді

    Фото: Unsplash

    2026 жылдан бастап Қазақстанда банкоматтар арқылы жасалатын қолма-қол ақша операцияларына бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Банктерге банкоматтағы бейнебақылау жазбаларын кемінде 6 ай сақтау міндеттелді. Бұл шешімді Қаржы мониторингі агенттігі қабылдады. Себебі банкоматтар әлі де күмәнді қаржы схемаларында ақша айналымының негізгі арнасы болып отыр. Мәселен, 2025 жылы күдікті жолмен 13,3 триллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.

    Агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, мұндай операциялар жиі анонимді түрде, басқа адамдардың карталарын пайдаланып жүргізіледі. Сондықтан банктер видеожазбаларды сақтаумен қатар, болашақта биометриялық сәйкестендіру жүйелерін – бет әлпетін немесе саусақ ізін тану тәсілдерін енгізуі мүмкін.

    Жаңа талаптар қоғамда алаңдаушылық тудырғанымен, Мемлекеттік кірістер комитеті банкомат арқылы шотты толтыру, жалақы мен әлеуметтік төлемдер, депозиттен ақша аудару немесе туыстар арасындағы қарапайым аударымдар салықтық бақылауға жатпайтынын нақты түсіндірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →