Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді

    УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

    УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

    УЕФА талаптарының қатаң сақталуы — ел футболының беделі мен имиджі үшін маңызды.

    Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) қыркүйек айындағы ойындардың нәтижесі бойынша айыппұл салды.

    Мұндай шешім Қазақстан жастар құрамасы (U-21) мен Англия командасы арасындағы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңіндегі матчқа қатысты шығарылған. Айта кетейік, бұл кездесу 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен болатын.

    УЕФА-ның тәртіптік комитеті ҚФФ-ны екі тармақ бойынша кінәлі деп таныды. Біріншісі – жанкүйерлердің алаңға шығуы (1 250 еуро айыппұл), екіншісі – матчтың уақытында басталмауы (7 500 еуро айыппұл). Нәтижесінде, жалпы айыппұл көлемі 8 750 еуро немесе шамамен 5,5 миллион теңгені құрады.

    Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде өткен ойын 2:0 есебімен Англия құрамасының жеңісімен аяқталды. Қонақтар сапында Итан Нванери мен Джоб Беллингем көзге түсті. Джоб Мадридтің әйгілі «Реал» клубында және Англия ұлттық құрамасында ойнайтын Джуд Беллингемнің туған інісі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →