Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Бастауыш сыныптағы бес пән бойынша формативтік бағалау енгізіледі Алматы облысында асфальт опырылып кетті Конституциялық реформа аясындағы сайлауда прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандық қыздың денесі табылды Алматыда блогердің үйіндегі жылжымалы есік қызметкердің үстіне құлады Ақмола облысында ер адам көршісінің үйіне кіріп, ұйықтап жатқан қызды суретке түсірген Бастауыш сыныптағы бес пән бойынша формативтік бағалау енгізіледі Алматы облысында асфальт опырылып кетті

    Тоқаев «20 мың террорист» туралы пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    – 20 мыңға келсек, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтірген, бұл бүкіл елге қатысты. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5,5 мың қылмыстық іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жолданды, – деді Тоқаев.

    Президент елде Қайғылы қаңтар қайталанбайтынына сенімді екенін айтып, оның кепілі – бүгінгі референдум екенін жеткізді.

    – Бұл – біз осы қайғылы істі өте мұқият зерттеп жатқанымызды көрсетеді. Жоғарыда айтқанымдай, елде қайғылы қаңтар қайталанбайтынына сенімдіміз. Ал оның кепілі – бүгінгі референдум. Тиісті сабақ алдық, – деп қосты мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →