Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды •

    Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады

    Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады
    Олжас Бектенов. Фото Ақорда

    Елдің бірқатар өңірінде электр энергиясы жаппай өшкеннен кейін Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтен жағдайға қатысты түсініктеме сұрады. Үкімет басшысы апаттың нақты себебін анықтап, тексеру нәтижесін баяндауды және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін қандай шара қабылданатынын айтуды талап етті. Ал Энергетика министрлігі оңтүстік өңірлерде электр тапшылығы барын айтып, жаңа энергия нысандарын іске қосуға басымдық беріліп жатқанын мәлімдеді. Алайда электр желілерінің тозуы әлі де өзекті мәселе: Үкімет дерегінде 2029 жылға дейін желілердің тозу деңгейін 67 пайыздан 45 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Сондықтан жарықтың жаппай сөнуі энергетика саласындағы қауіпсіздік пен жүйенің тұрақтылығына жауапты министрліктің жұмысына қатысты сұрақты қайта көтеріп отыр. Енді Энергетика министрлігі мәселені жаңа нысандар салу жоспарымен ғана түсіндірмей, мұндай ауқымды ақаудың неге болғанын және оның қайталанбауына кім жауап беретінін нақты айтуы тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →