Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тегін билет үшін тапталып қала жаздады: Алматыда аквапаркте шомылмақ болғандар елді шошытты

    Тегін билет үшін тапталып қала жаздады: Алматыда аквапаркте шомылмақ болғандар елді шошытты

    Алматыда жаңадан ашылған сауда орталығында адамдар тапталып қала жаздады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық порталы.

    Журналист Сырым Итқұлов таратқан видеодан адамдардың сауда орталығына жапа-тармағай кіріп бара жатқанын байқауға болады.

    Алматыда жаңа сауда және ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты аясында аквапаркке алғаш келген 100 адамға тегін кіру мүмкіндігі ұсынылған. Алайда бұл акция адамдардың жаппай ағылуына, тіпті қауіпті деңгейдегі қысым мен итерісу жағдайларына себеп болды.

    Instagram-да жарияланған бейнежазбаларда адамдардың есікке қарай жапа-тармағай жүгіріп, бір-бірін итеріп, қауіпсіздік ережелерін елемей кірмек болған сәттері көрініс тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →