Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Шетелдік 300 мың көлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2023 жылдың 1 қырқүйегіне дейін Қазақстанға кіргізілген 300 мың шетелік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2 заңға өзгеріс енгізу керегін атап өтті.

    «Бұл – Салық және Экология кодекстері. Әріптестеріміз заң жобаларын әзірлеп жатыр. Олар дайын болғанда біз құқықтық нормативтік актіні қабылдаймыз. Қазақстанда 300 мыңнан аса шетелдік көлік бар (Биыл 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кіргізілген – автор). Заң қабылданғаннан кейін жұмысты (көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуді – автор) бастаймыз», — деді ол Үкімет отырысынан соң.

    Марат Ахметжанов шетелдік көліктерді рәсімдеу келесі жылы басталауы мүмкін екенін айтты.

    «Салық пен Экология кодекстеріне енгізілетін тиісті өзгерістерді өкілетті министрліктер дайындап жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін заң қабылданады деп жоспарланып отыр. Ол қабылданған соң, біз көліктерді қалай заңдастыруға болатыны туралы ережені дайындаймыз», — деді министр.

    Айта кетейік, биыл Президент Қазақстан халқына жолдауында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді. Оларды рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →