Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Шатыр тігіп, түнеуге дайын: Құлсары халықы наразылыққа шықты

    Шатыр тігіп, түнеуге дайын: Құлсары халықы наразылыққа шықты

    Жиналғандар алдында Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов сөз сөйлеген. Сондай-ақ ол жерге әкімнің орынбасарлары Нұрболат Сарманов, Гүлнафис Айшуақова, әкім аппаратының басшысы Алматы Теміржанов және Құлсары әкімі Қадіржан Адинов келген.

    – Аталған мәселені объективті түрде шешу үшін жергілікті тұрғындар мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың Жылыой ауданының тұрғындарына өтемақы төлеу туралы талаптарын заңдастыру жөнінде президентінің атына бейнеөтініш жазды (БАҚ-та әлі шықпаған). Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының әрекеттері үйлестірілген. Оның нәтижесі жөнінде алда тағы хабарланады, – деп түсіндіреді әкімдік.

     

    Құлсарыдағы наразылық

    2 мамыр күні кешке Құлсарының Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан тұрғындары әкімдік ғимараты алдында жиналып тұрғанын, қажет болса шатыр тігіп сонда түнеуге дайын екенін жеткізген. Олар өз үндеуін президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.

    – Біздер топан судан зардап шеккен халық. Маңдай терімен, адал еңбегімен салған үйінің әділетті бағасы есептеліп, ақшаны қолымызға алғымыз келеді. Үйлерімізге әр шаршы метріне 400 000 теңгеден ақы төленіп, сол ақыны қолымызға алғымыз келеді, – дейді видеожазбадағы азамат.

    “Және тағы бір реттік берілген 100 АЕК көлеміндегі көмекті осы халықтың мәселесі шешілгенге беруіңізді сұраймыз” дейді азаматтар.

    Сондай-ақ шаршы метріне 400 мың теңге деген ұсыныс мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың ұсынысы екенін айтып, жиналғандар бір ауыздан “қолдаймыз” деп дауыстады.

    Құлсарыдағы ахуал 

    Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен өңірлердің бірі осы Құлсары қаласы. Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалған.  Су тасыған кезде бірнеше кісінің өлімі тіркелді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →