Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру басталғанын және жаңа министрді таныстырды • Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды •

    Раушан Құдайберген төркіндетіп жүр (ФОТО, ВИДЕО)

    Раушан Құдайберген төркіндетіп жүр (ФОТО, ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген ұзатуынан кейін алғаш рет төркініне қонаққа барды. Бұл сәтті ол өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктің жылы ықыласына бөленді деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бейнежазбада Раушанды ата-анасы мен туыстары қарсы алып, дастархан жайып, қуанышпен құшақ жая қарсы алғаны көрінеді. Көпшілік желіде: «Қыздың төркінге оралуы – әр ананың арманы», «Жаңа өмір бастаса да, ата-анасын ұмытпағаны қуантады» деген пікірлер қалдырды.

    Ең әсерлі сәттердің бірі Раушанға арналып орындалған «Раушан гүлім» әні болды. Туыстарының бұл тосын сыйы көпшіліктің жүрегін елжіретті.

    Раушан Құдайберген жақында ғана ұзатылып, тұрмысқа шыққан болатын. Оның тойы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, ел назарын аударған еді.

    Қазір желі қолданушылары блогердің жаңа өміріне қатысты жаңалықтарды қызығушылықпен бақылап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →