ҰҚК 510 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі
Шекарашылар Ақтөбе және Жамбыл облыстарында темекі мен вейпті заңсыз алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.
2026 жылғы қарашада Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекетіне тосқауыл қойған.
Сонымен қатар Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана вейп анықталған.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауарлардың құны 510 млн теңгеден асады.
Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.
